Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 15-ші наурызда рингке оралады. Бокс кеші АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтеді.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшы 15 наурыз күні Филадельфиядағы (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center кешенінде шаршы алаңға шығады. Данияр Елеусінов 36 жастағы Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) кездесу өткізеді. Жекпе-жек 8 раундқа есептелген.

Кештің басты жекпе-жегінде екінші жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы Тевин Фармер мен ирландиялық Джоно Кэрролл қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 қараша күні Монакода өткізген болатын. Кәсіпқойдағы бесінші кездесуінде никарагуалық Маркос Мориханы (16-2-2, 12 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published. Required fields are marked *