ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинмен орын алған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

— Кеше Австриялық  Заефельд қаласында шаңғы жарысы бойынша әлем чемпионатының кезеңінде 15 шақырымдық қашықтыққа жүгіру өткен болатын. Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин 40-шы старттық нөмірмен шығуы керек болатын, алайда жарыс жолына шықпады. Бүгінгі таңда қазақстандық шаңғышыға Австрия үкіметі, Халықаралық Олимпиада Комитеті, шаңғы федерациясы, дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тарапынан ешқандай айып тағылған жоқ. Австрияда Юрий Каминский бастаған жаттықтырушылар құрамы, ҰОК өкілдері, ҚР шаңғы спорты федерациясы өкілдері мен Алексейдің жеке жаттықтырушысы Алексей Наконечный бар. Бүгінгі таңда барлық жағдай анықталып жатыр. Алексей – шаңғы спортының үздігі, әлем чемпионаты, ФИС-старттардың жеңімпазы әрі жүлдегері. Біз қашанда таза спортты қолдаймыз, әзірге Алексейге ешқандай кінә тағылған жоқ. Біз оны соңына дейін қорғаймыз», — деді Серік Сәпиев Астанада өткен брифингте.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published. Required fields are marked *