Умаров Сержан Бостанұлы

Умаров Сержан Бостанұлы 1973 жылы дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі жоғарғы: 1995 жылы жаттықтырушы және дене тәрбиесі мұғалімі мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Умаров Сержан Бостанұлы самбо күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, спорт саласындағы қосқан үлесі үшін Алматы облысының әкімінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі комитеті төрағасының Алғыс хатымен, Алакөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
1995-2015 жж. Алакөл ауданың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінен жаттықтырушы болып жұмыс атқарған.
2015 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының Алакөл ауданыңдағы филиалының меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
2017 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры.