Сериков Бек

Директордың спорттық бағыттағы орынбасары

      Сериков Бек Серікұлы, 1979 жылы 1 қаңтарда Кербұлақ ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі жоғары. 1996 жылы №2 Қабанбай орта мектебін үздік бітірген. 2000 жылы Жетісу Мемлекеттік университетінің  дене тәрбиесі және спорт факультетін қызыл дипломмен тәмәмдаған.

2000-2008 ж.ж. Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінен жаттықтырушы болып жұмыс атқарған.

2008-2015 ж.ж. Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорт әдіскері болып жұмыс атқарған.

2015 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының Алакөл ауданы Лепсі ауылындағы филиалында спорт әдіскері болып жұмыс атқарды.

     Алакөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2017 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Сериков Бек   «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының спорт ісі жөнінде орынбасары

 

 

Нусупов Советхан Умерғалиевич

Директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары

      Нусупов Советхан Умиргалиевич 1961 жылы 1 сәуірде Алакөл ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі жоғары 1986 жылы Қарағанды педагогикалық институтының  дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1986-1994 ж.ж. Алакөл ауданы Екпінді орта мектебінде дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық мұғалімі болып жұмыс атқарған.

1994-1998 ж.ж. Алакөл ауданы Екпінді орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарған.

1998-2004 ж.ж. Алакөл ауданы Жыланды орта мектебінде директор болып жұмыс атқарған.

2004-2006 ж.ж. Алакөл ауданы Бибақан орталау мектебінде дирекор болып жұмыс атқарған.

2006-2012 ж.ж. Алакөл ауданы Қызылқайын орта мектебінде директор болып жұмыс атқарған.

2012-2015 ж.ж. Алакөл ауданы Қызылқайын орта мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмыс атқарған.

2015 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының Алакөл ауданы Лепсі ауылындағы  филиалында интернат меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

     Алакөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

     2017 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Советхан Нусупов «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Спорт Әдіскері

Дәулетов Данияр Ержанұлы

 

Дәулетов Данияр Ержанұлы 1994 жылы 4 желтоқсан Алакөл ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі жоғары. 2012 жылы Екпінді орта мектебін бітірген. 2016 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің  бастапқы әскери дайындық мамандығын бітірген. 2016-2018 жылдарды Шымкен қаласындағы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті дене шынықытыру және спорт мамандығын бітірген

2016-2017 ж.ж. Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы, Лепсі орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

2017 жылдан бері Алакөл ауданының  Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында спорт әдіскері болып жұмыс атқарады.

 

 

Нұрболатов Диас Сайынұлы

 

      Нұрболатов Диас Сайынұлы 1998 жылы 10 мамыр Алакөл ауданы, Ушарал қаласында дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі жоғары. 2016 жылы Ушарал қаласындағы Талапкер орта мектебін бітірген. 2016 жылдан бері Шымкен қаласындағы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті университетінің дене шынықытыру және спорт мамандығын бітірген

2016-2017 ж.ж. Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы, Лепсі орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

2018 жылдан бері Алакөл ауданының  Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында спорт әдіскері болып жұмыс атқарады.