Жоңғар Алатауының шығысында, Қытаймен шекараға жақын, айналасын тау қоршаған жерде, әйгілі Лепсі өзенінің екі жағын алып жатқан алқап бар. Ертеректе бұл жерді Абылайханның ұрпағы Бөлен сұлтан мекендеген. Ресей патшасының отарлау саясатына байланысты казак әскерлері жіберіліп, станица құрылып, бекет ұйымдастырылды. Содан 1880 жылы Лепсі уезді құрылды. Бұл жерде орыс байы Пугасев кірпіш, спирт зауыттарын салдырып, басқа да сауда-саттық орындарын құрды.

Лепсі балы  өте сапалы болып саналған, Лепсіден Санк-Петербургқа патша сарайына жеткізіліп отырған. Сол кездегі кейбір деректер бойынша Лепсіде 33 мың халық тұрған делінеді.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Совдеп  құрылып,  Уезд тарағаннан кейін Лепсі ауданы Ойжайлау-Лепсинск 1935 жылға дейін аудан орталығы болды.

Қалада Құсайын Қазірет медресесі, екі шіркеу,  үш мешіт және отызыншы жылдары педагогикалық училище сонымен қатар 1953 жылы кітапхана техникумы ашылған. Бірақ әртүрлі себептермен кітапхана техникумы,  педагогикалық училище, аурухана  жабылып, балалар үйі 1967-1968 жылы Сарқан қаласына көшірілген.

1936 жылы аудан орталығы Андреев селосына (қазіргі Қабанбай ауылы) ауыстырылды.

Біздің тамаша жеріміздің құнарлы топырағынан елімізге танымал  адамдар өсіп жетілді. Олардың арасында Мұхаметжан Тынышбаев – бірінші теміржолшы-қазақ, Түрксіб теміржолының инженері, Қоқанд автономиясының Премьер-министрі, Сталиндік репресиясының құрбаны. Әнуар Әлімжанов–жазушы, тарихшы, 1991 жылы КСРО бойынша Ұлтаралық Кеңестің бастығы, Тоқтар Бейісқұлов–жазушы, филология ғылымдарының кандидаты.

  Лепсі ауылындағы орта мектеп 1980 жылы 1200 орынға арналып салынған. Мектепте  2015 жылға         дейін оқыту орыс тілінде болған. Мектептегі 181 бала екі корпуста білім алған, қалған екі корпусы бос қалған.

2015 жылы бос қалған ғимаратты елімізге белгілі меценат, Алматы облыстық бокс және спорттық күрес түрлері федерацияларының президенті,  «ZHERSU» корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы күрделі жөндеуден өткізіп, спортта дарынды   балаларға арналған мектеп-интернатын пайдалануға берді.

Интернаттың негізгі мақсаты – бұлақ көрсең көзін аш дегендей, шалғайдағы ауылдардағы дарынды балаларды іріктеп алып, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған, тәрбиелі де білімді және ұлттық құрама командамызға лайықты ізбасарлар дайындау. Бұл Қазақстандағы ауылдық  жерде ашылған, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан тұңғыш спорт-интернат. Спорттың алты түрінен үш іріктеу кезеңінен өткен  100 бала  қабылданды. Алматы облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат филиалының меңгерушісі Умаров Сержан Бостанович, спорт жөніндегі әдіскер Сериков Бек Серикович. Оқу-жаттығу және тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асырушы   жаттықтырушылар:

  1. Шоңырақов Қ.Ұ. – еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы
  2. Тусупбеков А.А. – грек –рим күресінің жаттықтырушысы
  3. Ибраев С.А. – бокс бөлімінің жаттықтырушысы
  4. Акбашев Б.А. –дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы
  5. Имашева М.Е.- шаңғы спорты бөлімінің жаттықтырушысы
  6. Батырбаев Д.С. — ауыр атлетика бөлімінің жаттықтырушысы

Жаттырықтырушылардың сапалық құрамы:

 Біліктілік  санаты жоғары —3 (50 %)

Бірінші біліктілік санаты бар – 2 (33%  )

Екінші біліктілік санаты бар– 1 (16 %)

Спорт интернатта спорттың  6 түрінен үш іріктеу кезеңінен өткен   барлығы – 100 бала тәрбиеленеді.

Еркін күрес бөлімінде  – 24 бала

Грек –рим күресі бөлімінде -22 бала

Бокс бөлімінде— 19 бала

Дзюдо бөлімінде – 18 бала

Ауыр атлетика бөлімінде -8 бала

Шаңғы спорты бөлімінде – 9 бала

Мектеп-интернатта оқушыларға тұруға арналған жатақхана бөлмесі

Асхана

Ауыр атлетика залы

Бокс залы

Дзюдо залы

Еркін күрес залы

   2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың Лепсі ауылындағы филиалы  оқу-жаттығу, тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыруда.

     Мектеп-интернатта оқушыларға тұруға арналған жатақхана, асханасы және алғашқы тексеру дәрігерлік бөлме, психолог бөлмесі, қыздардың жеке гигиеналық  бөлмесімен жабдықталды. Оқу-жаттығу процессіне арналған кіші жабдықталған ауыр атлетика, дзюдо, еркін күрес, бокс залдары және екі кілеммен, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген стандартқа сай грек-рим күресі залы орналасқан. Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу-жаттығу кестесі, тәрбие жұмыстары және  күн тәртібі бекітілді. Апталық (циклдық) жоспарлар бекітілді. Жылдық оқу-жаттығу топтарының жоспарлары бекітілді. Спортшылардың жеке іс-қағаздары жинақталды. Мектеп-интернат дәліздері, психолог  бөлмесі, спорттық әдіскерлер кабинеті, сабаққа дайындық кабинеті  қажетті  көрнекілік жабдықтармен жабдықталды: спорттық әдістемелік бұрыштар, жоспарлау құжаттары, жаттықтырушылар бұрышы, интернат ережесі, тәрбиеші бұрышы, ұлы тұлғалар, мемлекеттік нышандар, рейтинг тақтасы, олимпиада чемпиондары. Шаңғы спортына қажетті арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған шаңғы базасы жасақталды. Жаттығу залдарына әдістемелік-бағыттаушы стендтері құрылып, ілінді.

    Алты  түрлі спорт түрімен 11 оқу-жаттығу топтары құрылған. Оларды бокстан Сұлтан Ибраев, дзюдодан Бағлан Ақбашов, еркін күрестен Қанат Шоңырақов, грек-рим күресінен Әкімәлібек Тусупбеков, ауыр атлетикадан Диас Батырбаев және шаңғы спортынан Меруерт Имашева секілдң білікті бапкерлер жаттықтырады. Қазіргі уақытта біздің интернатта жетінші және сегізінші сыныптарда оқитын негізгі топта 100 оқушы тұрады, қосалқы спортшылармен 115 оқушы оқу-жаттығу топтарында жаттығады.

    Биылғы жылы шаңғы спорты бөлімінің төрт оқушысы  жасөспірімдер арасында 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионы атанды. Одан бөлек бір күміс және бір қоланы жеңіп алды. Дзюдошыларымыз Талдықорған, Астана, Қызылорда қалаларында өткен Республикалық турнирлерде алты алтын, үш күміс, бес қола медальды Ресейдің Барнаул  қаласында өткен турнирде үш алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленді. Боксшыларымыз да облыстық, ҚР чемпионатының аймақтық кезеңінде жеңістерге жетті. Грек-рим күресінің бір оқушысы 2015 жылғы кадеттер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Талдықорған, Аягөз, Өскемен қалаларында өткен жарыстарда жеңістерге жетті. Еркін күрес бөлімінің палуандары Риддер, Арыс, Талдықорған қалаларында өткен турнирлерде өз мықтылықтарын мойындатты. Зілтемірші оқушыларымыз Алматы облысы чемпионатында бір алтын, екі қола медальға қол жеткізді.      Биылғы жылы 7 сыныпқа 50 бала және қосымша әр бөлімге бір-бірден, алты бапкер қабылдауды жоспарлап отырмыз.